Мобильное меню
«Күшіміз-Бірлікте» акциясы аясында Алматы облысы еріктілер Кеңсесінің және жергілікті бизнес өкілдерінің күшімен гуманитарлық көмек жиналып, аймақтарға жөнелтілді.
«Шин-Лайн» компаниясы «Алматыинжстрой» АҚ-мен бірлесіп 40 паллет (86 мың қаптама) өнім жіберді. Алматы облысының еріктілер тобы су басқан орындарда су тасқынына қарсы күресте көмек көрсетеді, ал «Алматыинжстрой» АҚ компаниясы зардап шеккен өңірлерде жұмыс істеу үшін 120 бірлік техника жіберді.
Бұған дейін «Шин-Лайн» компаниясы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 20 млн теңге және су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған гуманитарлық көмек жинау пунктіне азық-түлік жөнелткен болатын. Сондай-ақ,«Алматыинжстрой» АҚ су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде жұмыс істеу үшін 120 бірлік құрылыс техникасын бөлген.
«Біз ортақ күш-жігермен азаматтардың басына түскен қиындықтарды жеңе аламыз. Қолдау көрсету, жанашырлық таныту, қайырымдылық шараларына қатысу бізге осынау маңызды істе бір кісідей жұмылуға, ұйымшыл болуға көмектеседі», – деді Андрей Шин.