25 Наурыз 2022
«Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шиннің жаңа жылдық үндеуі

«Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шиннің жаңа жылдық үндеуі

Өткен жылды қорытындылай келе, «Шин-Лайн» Тобы компанияларының барлық қызметкерлері мен серіктестеріне нәтижелілігі мен жауапкершілігі, біздің ортақ ісіміздің мүдделерін қорғауға, бірге болуға және ең батыл әрі ауқымды жоспарлардың орындалуына қол жеткізуге ұдайы қолдауы мен дайындығы үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Әрі қарай оқу…

Өткен жылды қорытындылай келе, «Шин-Лайн» компаниялар тобының барлық қызметкерлері мен серіктестеріне нәтижелілігі мен жауапкершілігі үшін, біздің ортақ ісіміздің мүдделерін қорғауға, бірге болуға және ең батыл әрі ауқымды жоспарлардың орындалуына қол жеткізуге ұдайы қолдауы мен дайындығы үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.

«Шин-Лайн» жоспарлары – ТМД елдері аумағында балмұздақ өндірісінің көшбасшысы болу. Біз осы үлкен мақсатқа жету үшін барлық күштер мен құралдарды бағыттаймыз.

Компания тез өсу кезеңін бастан кешуде, бізге ақылды, талантты және адал мамандар қажет. Кәсіби даму энергетикасына қызығушылық танытатын адамдар, жаңа жобалар, біздің өсуге және бізбен бірге өсіп, жеңіске жетуге деген ұмтылыстарымызға ортақтасатын мамандар қажет. «Шин-Лайн»-да жұмыс істеу жаңа мүмкіндіктер ашады: бос жұмыс орындары амбициясы мен жұмыс істеуге ықыласы бар мамандар үшін қолжетімді.

Біздің кәсіпорын жоғары білікті қызметкерлер жұмыс істеуі тиіс күрделі және бірегей жабдықтармен қамтамасыз етілген. 2022 жылы бөлшектеп салушылар мен жүк тиеушілердің жалақысын 30-40%-ға көтеруді жоспарлап отырмыз. Біз компания ішінде кадрлардың өсуін және бізбен бірге жұмыс істеуге үлкен ықыласы бар жаңа адамдардың келуін күтеміз.

Бірнеше жыл бұрын жаңа зауыттың құрылысы арман болған еді. Бүгін біз жаңа кәсіпорынның корпустарын салдық, өндірістік жабдықтар орнаттық, өнімдерді сынақтан өткізе бастадық. Біз мәре сызығында тұрмыз.

2022 – бұл үлкен серпіліс жылы, онда команданың әр мүшесінің рөлі маңызды болады.

Бұл біздің жеңіс рецептіміз!

Көпұлтты Қазақстанның әрбір отбасында өзінің жаңа жылдық дәстүрлері бар, бірақ барлығын жақындарына деген мейірімділік пен қамқорлық атмосферасы біріктіреді. Ата-аналарыңыз мен балаларыңыздың дендері сау болсын, олар көбірек сіздің махаббатыңыз бен назарыңызға бөленсін.

Бір-бірімізге амандық пен өркендеу тілейік!

Мерекелеріңізбен!

Жаңа жылдарыңызбен!

Андрей Шин,

«Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті.

«Шин-Лайн» жоспары — ТМД мемлекеттерінің аумағында балмұздақ өндірісінің көшбасшысына айналу. Осы зор мақсатқа жету жолында бар күш-жігерімізді аянбаймыз.

Компания қазір қарқынды даму кезеңінде, осы жолда бізге ақылды, талантты және адал мамандар қажет. Бізге кәсіби даму энергетикасына, жаңа жобаларға қызығушылық танытатын адамдар, бізбен бірге дамып, өсіп, биік белестерге жететін адамдар керек. «Шин-Лайн» компаниясындағы жұмыс жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: амбициясы мен жұмыс істеуге ықыласы бар мамандар үшін бос жұмыс орындары қолжетімді.

Кәсіпорнымыз біліктілігі жоғары қызметкерлердің жұмыс жасауын талап ететін күрделі және бірегей құрылғылармен жабдықталған. 2022 жылы өлшеп қаптаушылар мен жүк тиеушілердің еңбек ақысын 30-40% көтеруді жоспарлап отырмыз. Біз компания ішінде кадрлардың өсуін және бізбен бірге жұмыс істеуге ниетті жаңа адамдардың қосылуын күтеміз.

Бірнеше жыл бұрын жаңа зауыттың құрылысы арман секілді болған. Бүгінгі күні жаңа кәсіпорынның корпустары салынды, өндірістік құрылғылар орнатылып, өнімдерді сынақтан өткізе бастадық. Қазір біз мәре сызығында тұрмыз.

2022 жыл – бұл үлкен серпіліс жылы, мұнда топтың әр мүшесінің рөлі маңызды болады.

Бұл біздің жеңіс рецептіміз!

Көпұлтты Қазақстандағы әрбір отбасының өз жаңа жылдық дәстүрлері болғанымен, барлығының ортақ белгісі жақындарына деген мейірімділік пен қамқорлық атмосферасы. Балаларымыз бен ата-аналарымыздың дені сау болып, олар сүйіспеншілік пен мейірімге бөлене берсін.

Бір-бірімізге амандық пен көркеюді тілейік!

С праздником!

Жаңа жылдарыңызбен!

Андрей Шин,

«Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті