09 Тамыз 2024
“Шин-Лайн” компаниялар тобы болашақта сапалы сүт өнімін қабылдауға дайын

“Шин-Лайн” компаниялар тобы болашақта сапалы сүт өнімін қабылдауға дайын

Күні кеше Есік қаласында «Ауыл аманаты»бағдарламасы бойынша несие алған кәсіпкерлер өнімдерінің көрмесі өтті. Басты қонақ ретінде осы бағдарламаның негізін салушы,
ҚР Премьер Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысты.

Әлеуметтік бағдарламаны қолдау аясында “Шин-Лайн” компаниялар тобы қатысушы шаруалардың өнімдерін, яғни сапалы сүт өнімін болашақта қабылдауға даяр.

«Ауыл аманаты» елді мекендерде тұратын ағайын үшін қолайды бағдарламаның негізгі мақсаты — халықты тұрақты жұмыспен қамту мен ауыл тұрғындарының әлеуетін көтеру болып табылады.