Мобильное меню
Шин-Лайн қауымдастығы аумақты абаттандыру жұмыстарын бастауға шақырады және көгалдандыру жұмыстарына жұмыскерлердің қатысатындығын растайды.
Қоғамдық кеңестің өкілдері мен Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің белсенділері «Наурыз» мерекесі аясында кәсіпорын басшылығының шақыруымен құрылыс нысандарына барып, балмұздақ өндіретін жаңа цехтардың заманауи жабдықтарын монтаждау және баптау жұмыстарының барысымен танысты. Кездесудің іскерлік бөлігі барысында қоғамдық көшбасшылар фабрикаға іргелес аумақты көгалдандыру жобасын қолдаудағы өздерінің тұрақты ұстанымдарын, сондай-ақ алдағы ағаш отырғызу акциясына жеке қатысуға ниетті екендіктерін растады.
Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Юрий Магай: “Бұл бастаманы және құрылысты толығымен қолдау қажет,- деп тұжырымдама жасай отырып, Шин- Лайн компаниясының болашақ жоспарларымен бөлісті.
Зауыт жанындағы қоғамдық аумақ жергілікті тұрғындардың көпшілігі үшін тартымды нүкте болады. Жобада барлық негізгі абаттандыру объектілері орналасқан және учаскенің орталық осі болып табылатын жаяу жүргіншілер аллеясы қарастырылған, ал оның аумағында келесі инфрақұрылым обьектілерін орналастыру жоспарланған: резеңке жабыны бар балалар ойын алаңдары, көшеде спортпен шұғылдануға арналған спорттық тренажерлер, ауыз су бұрқағы, мүсіндер, көлеңке түзетін элементтердің алуан түрлілігі, отыруға және демалуға болатын орындықтар.
Кең алаңдар, әдемі және алуан түрлі гүлзарлар, тығыз орналасқан бұталар және аллея бойында отырғызылған қарапайым ағаштар балалармен, жақын адамдармен және достармен демалуға арналған саябақтың керемет атмосферасын толықтыртып қана қоймай, ерекше хош иіс пен рахат сыйлайды.
– Саябақ «Шин-Лайн» өндірісінің ақшасы есебінен салынуда және Біз кент белсенділері мен халқы ретінде осындай жобалардағы бастамаларды қолдайтын боламыз, – деп растады lider.kz волонтеры және қоғамдық кеңес мүшесі Қуаныш Майлықанов.
«Наурыз» — кәсіпорынның аудан тұрғындарымен жағымды өзгерістерге, жұмыс орындарын ашуға, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, бірлескен бастамаларға мүдделі достық және серіктестік қарым-қатынастарының негізін құрайтын жаңару және жаңа бастамалар уақыты.
— «Шин-Лайн» компаниясының бастамасымен және қаражатымен құрылған жаңа қоғамдық кеңістік осы жазда кәсіпорын қонақтарына, қызметкерлеріне және жергілікті тұрғындарға қолжетімді болады. Кәсіпорын абаттандыру жобасына оң сараптамалық қорытынды алды және бұл жобаны іске асыру үшін бізге сөзсіз үлкен қолдау көрсеткен аудан жұртшылығына алғыс айтамыз, -деді «Шин-Лайн» ЖШС Бас директоры Владимир Пак.