Мобильное меню
«Шин-Лайн» өндірісіне жұмыстан тыс сапарымен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев, «Ауыл» партиясының Төрағасы Ерболат Саурықов, ҚР Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы
Серік Егізбаев, Ахметбек Коңырбаев, Алматы облысы бойынша партия филиалы Төрағасы
Канат Бекиев келді.
Кездесуде өндіріс көлемі мен экспорттың жыл сайынғы өсімі, инвестициялық әлеует, логистикалық мәселелер, кадрлар жағдайы, салалық міндеттер туралы бірқатар сөз қозғалды.
Сапар аясында депутаттар мен партия өкілдерінен құралған делегат өңірдегі өндіріс ішін аралап көріп, «Шин-Лайн» балмұздақ өндірісімен кеңірек танысты.
Автоматтандырылған және компьютерленген, өнімнің қауіпсіздігін адамның қатысуынсыз сақтап отырған зауытты көрген қонақтар, таңданғанын жасырмады.