Мобильное меню
24 қаңтарда дүние жүзінде тамаша мереке – Халықаралық эскимо күні (International Eskimo Pie Day) атап өтіледі. 1922 жылы осы күні і Кристиан Нельсон есімді кәмпит дүкенінің иесі эскимо деп аталатын балмұздаққа патент алған болатыр. Таяқшасы бар балмұздақ көптеген елдерде сатылымның көшбасшысы болып табылады. Эскимо Қазақстанда да өте танымал.
«Шин-Лайн» компаниясы балмұздақтың 120 түрін, оның ішінде эскимоның 34 түрін шығарады. Оны әлемдік сапа стандарттары бойынша, кәсіби мамандар тобы әзірлеген классикалық және авторлық рецепттермен дайындайды.
Түрлі жастағы балмұздақ әуесқойлары «Бомба» қара печенье, «Миша» пломбир, «Мишка на полюсе» ыстық шоколадтағы зефир, «Белочка» жаңғақ қосылған классикалық эскимо секілді эскимолар түрлеріне лайықты бағасын берген. Сонымен қатар, отандық талғампаздар Bahroma брендінің премиум желісінің өнімдерін атап көрсеткен. Бұл бірегей 100% табиғи «Шығыс колоритімен әзірленген балмұздақтар» сериясы: халва, лукум, нуга, жаңғақтар және кептірілген жемістер, пломбир және шоколад немесе жеміс езбесі қосылған таңдаулы десерттер тобы. Bahroma бренді бойынша шығарылатын 13 түрлі эскимо патенттелген жоғары технологиялық, еуропалық құрылғыда бірігей технология бойынша дайындалады, бұл оны Қазақстан пен әлемнің балмұздақ нарығында лайықты ұсынуға мүмкіндік береді. «Анар-шие» жұмсақ, жемісті лукум, екі қабатты шоколады бар қара өрік, трюфель-қызыл апельсин екі қабатты фонданы талғампыз жанның өзінің де таңдайын қақтырады.
Өнімнің қаптамасына да ерекше көңіл бөлінеді. «Белочка», «Коровка», «Гулливер», «Смак», «Караван», «Птичка», «Ключик Буратино» фирмалық эскимодарының әсем қаптамалары ашық түсті бояуларымен көзі қуантып, сиқырлы балалық шаққа жетелейді. «Алтын топтамадағы» балмұздақтарды дайындауда қуырылған жаңғақтар, көкнәр тұқымы, күнжіт, суфле, шоколад қабаты, карамель қолданылады. Компания мұнымен тоқтап қалмайды және жыл сайын сатып алушыларды эксклюзивті жаңалықтармен қуантады.
– Біздер балмұздақ сатып алған кезде әрбір үшінші қазақстандықтың таңдауы біздің өніміміз болып табылатынын зор мақтанышпен айтамыз. «Халық таңдаыу – нарықта жеткен жетістіктің ең тамаша дәлелі», — дейді Шин-Лайн компаниясының бас директоры Владимир Пак. – Халықаралық эскимо күнінде кез-келген қазақстандық біздің ауқымды ассортиментіміздің арқасында жоғары сапалы және мінсіз дәмі бар балмұздақты жеп, көңілін көтеретініне еш күмән жоқ.