Мобильное меню
«Шин-Лайн» өнімдері Бакудегі СПЕКА саммитінде
22-24 қарашада «Шин-Лайн» компаниясы БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған (СПЕКА) бағдарламасына қатысушы мемлекеттер мен үкімет басшыларының саммиті аясында ұйымдастырылған өнімдер мен инновациялар көрмесіне қатысты.
Саммитке Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің президенттері қатысты. Сондай-ақ, Грузия премьер-министрі, Венгрия премьер-министрі, Шығанақ мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы қатысты.
«Орталық Азия елдерінің ұзақ мерзімді мүдделестігі әлемдегі халықаралық қатынастар, әлемдік саясат пен экономикадағы өте күрделі кезеңге сай келіп отыр. Дегенмен СПЕКА бағдарламасына қатысушы елдер бұл проблемаларды, оның ішінде сауда өзара іс – қимылын жандандыру арқылы еңсеруге бел буған»,-деді Андрей Шин, «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті, СПЕКА көрмесінің қатысушысы.
Қазақстан стендінде республиканың визит карточкасы саналатын «Шин-Лайн» балмұздағын қоса алғанда, танымал брендтердің өнімдері ұсынылды. «Шин-Лайн» өнімінің экспорты Орталық Азия елдерінің әрқайсысына жүзеге асырылады. Бакуде (Әзірбайжан) 2022 жылдан бастап «Шин-Лайн» балмұздағын Bravo, Rahat, Aras сынды ірі сауда желілерінен табуға болады.
«Біздің идеямыз-экспорттық нарықтағы тұтынушыны қуантып, таң қалдыратын қазіргі заманғы Шығыс балмұздағын жасау еді. Шығыс бізді шығыстың әр түкпірінде мұқият таңдалған жергілікті ең үздік табиғи ингредиенттерді қолдана отырып, ерекше балмұздақ жасауға шабыттандырды. Бүгінде экспорттық нарыққа жол ашқан, серіктестеріміз жоғары бағалайтын Bahroma – балмұздағы осылай пайда болды»,-деді «Шин-Лайн» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы, СПЕКА көрмесінің қатысушысы Дмитрий Докин.