Мобильное меню
Жаңа маусым қарсаңында компаниялар тобының президенті «Империи холода» көрнекті салалық журналының сауалдарына жауап берді.
Euromonitor деректеріне сәйкес, 2021 жылы балмұздақ өндірісі бойынша қазақстандық нарықтың көшбасшысы «Шин-Лайн» компаниясы өз шаңырағындағы нарықтағы үлесін 40% дейін арттырды-бұл екінші, үшінші және төртінші орындарды иеленетін өндірушілердің ортақ үлесінен артық болып табылады және Ресей, Беларусь, Моңғолия және Орталық Азия нарықтарына шығуды да арттырды.
«Шин-Лайн» компаниялар тобының иесі және президенті Андрей Шин пандемиямен, экономикадағы күрделі ахуалмен, сүт өнімдерін таңбалауды енгізумен байланысты қиындықтарға қарамастан, қазақстандық компания сату көлемін арттырып, сатып алушыларды бірегей жаңа өнімдермен тұрақты түрде таң қалдыратыны туралы баяндады.
– Андрей Антонович, экспорт нарықтарынан шалғай жатқан және сүт өндіру жағынан да көш бастап тұрмаған аймақта ТМД аумағында көшбасшы орынға үміткер компания қалай пайда болды?
— «Шин-Лайн» 2015 жылы-ақ Қазақстанның «ұлттық чемпиондары» бағдарламасына еніп, ел аумағында саланың көшбасшысы болды және одан тыс жерлерде белсенді өсуге дайын болды. Сол уақыттың өзінде, кондитерлік өнімдер немесе сүт өнімдерін шығару тұрғысынан қазақстандық компания көшбасшы бола алмайтыны белгілі еді, себебі, ол ресейлік алыптармен бәсекеге түсе алмайтын. Дегенмен, балмұздақ жасау секілді шағын салада біз үздіктер қатарынан табыла алатынымызды білдік. Аталған секторға баса назар аударып және ТМД-ғы №1 компанияға айналуды міндет ретінде белгіледік. Біз өндірістік шешімдер мен қызметкерлерді осы амбициялық мақсатымыздың жолында таңдаймыз, себебі, жетістіктің ең негізгі құпиясы – сауатты өндірістік стратегия мен сүйікті ісімен айналысатын мамандар тобын құру.
– Сіз команданы қалай құрасыз және таланттарды басқару бойынша стратегияңыз қандай?
– Стратегияны жүзеге асыру мақсатында кәсіби команда әлемдік технологиялық көшбасшылармен тұрақты консультация режиміндегі бірнеше мемлекеттен жинақталды. Біз өсу әлеуеті жоғары адамдар іздейсіз және оларға кәсіби құзыретін арттыруға көмектесіп, немесе қажет білімді үйретеміз, компания ішінде басқа салада өзін сынап көруіне және осы жолда инвестиция салуына жағдай жасаймыз.
Өз ісімізге басқа нарықтардағы таланттарды да тартамыз. Бүгінгі күні компания қарқынды өсу кезеңін бастан өткеріп жатыр, бізге қазір ірі өндіруші және инновацияда көшбасшы болу жолындағы талпынысымызды, ТМД кеңістігіндегі және өзге нарықтардағы өндіріс мәдениетін қолдайтын тұлғалар қажет. Бұл жағдайда біз қазақстандық нарықта білікті мамандар тапшылығының қаншалықты шиеленіскен мәселе екенін біліп отырмыз. Сондықтан біздегі бос жұмыс орындарымыз кәсіби тұрғыдан өсуге ұмтылатын жастар үшін де, кез-келген жастағы мамандар үшін де, амбициясы мен одан әрі өсуге деген ұмтылысы бар мамандар үшін де ашық.
2022 жылы біз осы жылы қолданысқа берілетін жаңа зауытқа қызметкерлер алуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда компания штатында 2500 адам жұмыс жасайды, 2025 жылға қарай тағы 2500 жаңа жұмыс орны ашылады, барлық мамандықтар бойынша қызметкерлер саны артатын болады. Біз ТМД-ы балмұздақ шығару бойынша ең ірі фабриканы салып жатырмыз, ең озық жабдықтарды орнатып жатырмыз, онда кәсіби және бақытты қызметкерлер жұмыс істеуі керек.
– Өз мақсаттарыңызды қандай өндірістік және техникалық шешімдер арқылы іске асырасыз?
– Кәсіпорында көптеген күрделі және бірегей техникалық шешімдер кіріктірілген. Бірегейлік туралы сөз болғанда: «Шин-Лайн » жеткізушілермен серіктестіктің жаңа деңгейіне шықты және шикізат пен құрылғылардың жетекші өндірушілеріне жаңа стандарттар белгілейді десем асыра айтқаным емес. Осындай жағдай швециялық Tetra Pak қатысты орын алды, олар қазір құрылғылардағы тораптары мен агрегаттарын біздің өндірімісізне бейімдеп жүр, сонымен бірге, ресейлік компаниялар, әлемдік ірі глазурь өндіруші Barry Callebaut те осылай етеді. Осындай серіктестік идеяларды өзара бөлісуге алып келеді. Нақты айтқанда, «Шин-Лайн» компаниялар бұрын жасап көрмеген айрықша механизмдер мен ерекше рецепттерді жасауға қатысады. Арнайы сұраныс – бұл біздің жоспарларымызды жүзеге асырудың, тұтынушыны таң қалдырудың және ең соңында, Еуропада немесе Ресейде баламасы жоқ өнімді ұсыну арқылы, көшбасшы атанудың қажетті шарты.
Алматы облысында біз «СБЕР» Банк тобымен серіктестікте тамақ өндірісінің құрылысын жалғастырып отырмыз. Кешен ТМД, Шығыс Еуропа және Орталық Азия мемлекеттері арасында ең ірі және ең инновациялық балмұздақ шығаратын фабрика, сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар, қамыр, кеспе мен кондитерлік өнімдердің сан алуан түрлерін шығаруға маманданады. Жобаның жалпы құны 33,4 млрд теңгені құрайды, құрылыстың бірінші кезегінің жобалық қуаты жылына 21 500 тонна өнімді құрауы керек.
Өндірісті автоматтандырумен байланысты күрделі жобаны іске асыру жоспарланған. Кәсіпорында өнімділігі бір сағатта 30 тоннаны құрайтын балмұздақ жасауға арналған сүт қоспаларын дайындау және пастерлеу бойынша жаңа технологиялық желі қолданылады. Салыстыру мақсатында бүгінгі күні әлемдегі ең ірі төрт фабрикада ғана 25 тонна/сағат өнімділік желісі бар екенін айта аламыз.
– Соңғы уақытта балмұздақ өндірісінде бұрын болмаған нюанстар пайда болды ма?
— Біріншіден, Азиядағы, атап айтқанда, Қытайдағы логистикалық коллапс өндіріс үшін шикізат бағасының теңдессіз жоғарылауына және оны жеткізу мәселелерінің орын алуына алып келді. Осыған орайда, балмұздақ өндірісінің өзіндік бағасы 45% артты, бұл келесі маусымда сатылымның төмендеуіне әкелуі ықтимал.
Екінші жағынан, біз ескермеуге болмайтын жағдай – Data Matrix таңбалауын енгізу болып отыр. Бұл капиталдық шығындардың артуын, инвестицияны жаңа өнімдерді өндіру, дайынау және шығаруға емес, баспа және сканерлеу бойынша бейінді емес бизнесді ұйымдастыруға бағыттауды, штаттың ұлғаюын білдіреді. Таңбалауды енгізу тұтынушылар бөлшек бағаның жоғарылауына алып келеді.
— Басқа экспорттық нарықтарда ахуал қандай, ол жақта Қазақстан өнімдерді қалай қабылдайды?
– Өзге мемлекеттердің нарықтарында өз орнын алу үшін, жергілікті өндірушілерден де, басқалардан да жоғары тұру керек. Біз бұл мәселенің мәнін ұғынып, шетелдік өндірушілерге жергілікті нарықпен салыстырғанда жоғары талаптар қойылатын жоғары бәсекеге қабілетті Ресей нарығына шығуды жоспарладық. Дегенмен, «Шин-Лайн» осы нарықта өзіндік орнын иеленуді мақсат етіп, осы мақсатқа жетеді. Біз Ресей нарығын ерекше өніммен жаулап отырмыз. Орталық Азия нарықтарының да өзіндік ерекшелігі бар. Украина нарығына бізге рұқсат берілген жоқ, оның себебін біз саясатпен байланыстырамыз.
Шет мемлекеттерде Қазақстандық өнімдерді қабылдауға қатысты… бес жыл бұрын, ресейлік нарыққа шығуды жоспарлай отырып, біз қаптамада «Қазақстанда жасалған»деген таңбаны ерекшелеу керек пе деген мәселені ұзақ талқыладық. Соңында тәуекелге баруға бел буып және шешіміміз дұрыс болды. Тұтынушылардың сауалнамалары қазақстандық өнімдерге көзқарас Ресейде де, Беларусьте де өте жақсы екенін көрсетті. Кейде Қазақстанда жасалғанының оңтайлы тұсы да болады, мысалы, Bahroma желісі заманауи шығыс тәттісі ретінде қабылданады.
«Мишка на полюсе» пломбирі көрмей дегустация жасау нәтижелері бойынша өз тобында көшбасшы болып, ірі ресейлік компаниялардың өнімдерін басып озды. Біз «Шин-Лайн» пломбирін Ресейдің балмұздақ жасаушылар одағы бағалағанын қалаймыз. Сол себепті, біздің тұжырымдарымызды зерттеулер емес, өмірдің өзі растайды.
-Ресейлік тұтынушы алдағы маусымда «Шин-Лайн» компаниясынан қандай жаңа өнімдерді күтуіне болады?
Шин-Лайн балмұздақының ассортиментінде негізгі өнімдермен қатар wow-әсерін беретін өнімдер болады. «Мишка на полюсе» желісінде пломбир – қантты стақандағы басына шоколад құйылған зефир, сатып алушылардың сүйіктісіне айналған Заполярья жидекті дәмі – XXL конусының жаңа шоколадты глазурь қосылған форматын толықтырады. Bahroma премиум топтамасында жаңа форматта бірден бірнеше өнімдер шығарылады: «Три шоколада» және «Малина со сливками» дәмдері бар үш түсті вафля мүйізшесі, табиғи жеміс езбесінен жасалған «Зеленая дыня» және «Манго» сорбеттері, сонымен бірге «Фисташка» және «Фундук» дәмдері бар бірегей үш қабатты эскимо. Біздің кәмпиттер топтамасында да жаңа дәмдер — классикалық кондитерлік рецепт бойынша әзірленген «Алтын топтама»: «Сладкоежка косолапый», эскимо «Кис-Кис», «Веселая коровка» жұқа құймақтағы пломбир, «Веселая коровка» эскимосы пайда болды.
Жарияланымға сілтеме: https://www.holodinfo.ru/rubrics/morozhenoe/andrej-shin-my-gotovy-byt-na-golovu-vyshe-konkuren/