Мобильное меню
Шин-Лайн компаниялар тобының президенті Андрей Шин «Империя холода» ресейлік салалық ақпараттық-аналитикалық журналының сұрақтарына жауап берді. «Шин-Лайн» компаниясы Орталық Азия нарығындағы ең ірі балмұздақ өндірушісі және шетелдік нарықтарға қазақстандық балмұздақты алғашқы жеткізушісі болып табылады. Компания өндіріс ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Аз уақыт бұрын «Шин-Лайн» жаңа фабрикасында құрылғыларды монтаждау басталды, оларда жасалған өнімдер Қазақстанның сауда желілеріне және көрші елдердің нарықтарына жазға қарай түседі деп күтілуде.
– Андрей, фабрика құрылысы қандай сатыда, оның техникалық және технологиялық мүмкіндіктері қандай болады?
– Жаңа фабрика құрылысының жобасы Алматы облысының Байсерке кентіндегі ауданы 17 га құрайтын жаңа учаскеде іске асырылатын болады. Бұл жерде өңірдегі ең заманауи балмұздақ өндірісі шоғырланып, сүт өнімдері, мұздатылған жартылай фабрикаттар, қамыр, әр түрлі кеспелер шығару жолға қойылады, сонымен бірге, кондитерлік өнімдер шығару ұйымдастырылады. Біз абсолютті жаңа фабриканы салу туралы ойға саналы түрде келдік, себебі, қайта жаңғыртумен салыстырғанда, мұндай тәсілде қолданыстағы кәсіпорынның ерекшеліктеріне қатысты шектеулер болмайды. Жаңа фабрикада әлемдік өндіріс, қауіпсіздік және тиімділік бойынга ең үздік стандарттарды жүзеге асыру мақсатында аянбаймыз.
Жоба озық еуропалық және азиялық технологтармен ынтымақтастықта дайындалды, құрылыс жұмыстарын бастау алдында балмұздақ шығаратын ірі америкалық, жапондық және еуропалық кәсіпорындарды аралап көрдік. «Шин-Лайн» мамандары тек жазғы сатылымдарға ғана маманданған және жылына жарты жыл тоқтап тұратын бірнеше қытайлық фабрикаға да барып көрді. Дегенмен, біз жобалаудың дәстүрлі жолын таңдап, жаз маусымына қарай қуатын арттыратын, жыл бойы жұмыс жасайтын өндіріс жоспарладық. Кәсіпорында ТМД және Шығыс Еуропа мемлекеттері бойынша өнімділік көрсеткіші ең жоғары даниялық, неміс және италиялық құрылғылар орнатылады.
Бүгінгі күні фабриканың, компрессорлық цехтың, шикізат және дайын өнімді сақтау қоймаларының корпустарының құрылысы аяқталды, технологиялық ққрылғыларды өңдеу және монтаждау жұмыстары жүзеге асырылуда. №1 цехтың құрылысы аяқталды, мұнда сағатына 36000-40000 порция балмұздақ немесе бір желіден тәулігіне 50 тонна балмұздақ шығаруға арналған екі өндірістік желінің жұмысын бастау жоспарланған. 2022 жылға тағы екі желіні іске қосу жоспарланып отыр. №1 цехта төрт үлкен және төрт орташа желі орнатылады, олардың әрқайсысында стандартты ассортиментпен қатар жаңа айрыұша өнімдер шығару жоспарланып отыр. Аталған өндірістік желілер біздің техникалық тапсырмаларымызға сәйкес осыжаңа кәсіпорын үшін арнайы дйындалды және дүние жүзінде теңдесі жоқ деп айтуға болады.
Қазір №2 цехтың құрылысы басталды, мұнда өндіріс тәсілі мен шығарылатын өнім ассортименті бойынша әр түрлі 12 желіні іске қосу жоспарланған. 2024 жылға қарай кәсіпорын тәулігіне 350 тонна өнім шығаратын болады. Біз жүк айналымы 50 000 паллеттен асатын және 30°С дейін автоматты температура режимі бар толықтай автоматтандырылған қоймалар технологиясын енгізуді жоспарладық. Қоймаларда бірде-бір жүк тиеуші болмайды, барлық жұмыстарды роботтар жасайды. Компанияның жобамен жұмыс жасап отырған мамандары, мысалы, сүт қабылдау процесін оңтайландырып, кәсіпорынға кіре берістегі өтпелі жол жүру топтары мен автоматты жуу форматын ұсына отырып, қызықты шешімдер енгізді.
– «Шин-Лайн» өнімдерінің желісінде жүзден артық балмұздақтар аталымы бар. Қандай түрлер жоғары сұранысқа ие және Байсеркедегі фабрика іске қосылғаннан кейін қандай жаңа өнімдер пайда болады?
— Біздің ассортименттегі ең танымал брендтердің бірі — «Бомба» Орталық Азия нарықтарында көшбасшы болып табылады және біз осы топтаманы жаңарту бойынша тұрақты жұмыс жасап келеміз. «Мишка на полюсе» тобына жататын пломбир балмұздағы сапа бойынша ТМД үздік үштік құрамында. Шығыс калориті бар алғашқы премиум-бренд – Bahroma да өзінің бағалаушыларын тапқаны сөзсіз, ал кондитерлік өнімдер мен балмұздақ сегментінде «Золотая коллекция» желісі (мұнда «Гулливер», «Лесная Белочка», «Ключик Буратино», «Птичка» және «Красный мак» балмұздақтары бар) жоғары сұранысқа ие.
Жаңа өндірістің мүмкіндіктеріне келетін болсақ, екі жыл ішінде біз әлемдегі жетекші өндірушілердің тәжірибесін зерттеумен айналыстық, американдық, азиялық және еуропалық компаниялардан технологиялық жаңалықтарды балмұздақтың әлемдік нарығындағы трендтерді анықтайтын байқадық. Алайда, кәсіби құпияны мерзімінен бұрын жария еткенді қаламаймыз. Тұтынушы барлық жаңа өнімдеріміз туралы олар нарықта пайда болғаннан кейін бірден біледі деп сендіре аламын.
– Балмұздақ әуесқойлары «Шин-Лайн» өнімдерін жоғары сапасы, ерекше рецептуралары үшін бағалайды. Осы сапаны жоғары деңгейде ұстап тұрудың қандай құпиясы бар? Ол шикізаттың ерекшелігі ма, айрықша құрамдауыштар ма, не болмаса үздік технологиялар мен құрылғылар ма?
– Бұл жерде факторлардың жиыны туралы сөз еткен жөн. Балмұздақ-бұл тұрақты жаңарту мен түрлендіруді талап ететін өнім, себебі, тұтынушылар жаңа сұрыптарды сынап көруге қызығушылық білдіреді. Ал жаңа технологиялар балмұздақ өндірісінде «Шин-Лайн» әлемдік көшбасшы елдерден импорттайтын бірегей құрамдауыштарды пайдалануды қарастырады. Біз Doble Chocolate және Solero (шырынмен қапталған эскимо) секілді өнімдерді алу үшін сұйық азотты қолданатын ТМД барлық нарықтары үшін бірегей технологияны қолданамыз. Жаңа құрылғы толықтырғыш кесектері 22 мм дейін ірі эскимо шығаруға мүмкіндік берді. 2021 жылы өнімнің ерекше көлемдік дозалауға қатысты инновацияларды енгізуді жоспарлап отырмыз.
Әрине, біздің басты ресурсымыз – бұл үлкен және кәсіби командамыз. Біз жұмысқа күрделі және креативті өнімдермен ауқымды жұмыс тәжірибесі бар, Ресей, Балтық мемлекеттері, Шығыс Еуропа елдеріндегі балмұздақ индустриясы саласында тәжірибе жинақтаған мамандарды тартып отырмыз. Қызметкерлердің кәсіби тұрғыда дамуына баса назар аударылажы, көрмелерге, заманауи өндірістерге барып, әлемдік трендтерді зерттейміз, R&D-бөлімінің мамандары, технологтар ауқымды жұмыстар атқарады және бірлесіп олардың қайсысы отанымызда және экспорт нарықтарында өзекті болатынын ойластырамыз. Сонымен бірге, біз өз тобымызға жаңа креативті және белсенді қызметкерлерді қабылдауға әрқашан қуаныштымыз. 2025 жылға қарай «Шин-Лайн» компаниялар тобында шамамен 2 500 жаңа жұмыс орны ашылатын болады, инженерлік персонал, технологтар, аналитиктер, маркетологтар, IT-мамандарды қоса алғанда, барлық мамандықтар бойынша персонал саны артады. Компания ішінде кадрлар даярлауға да басымдылық беріледі: «Шин-Лайн» тағылымдамадан өтетін бейінді ЖОО студенттері диплом алғаннан кейін компанияға жұмысқа шақырылып және кәсіби өсу мүмкіндіктеріне ие болады.
– «Евромонитор» компаниясының деректеріне сәйкес қазақстандық балмұздақ нарығындағы «Шин-Лайн» үлесі 35% асады екен. Жаңа өндірісті қолданысқа беру компанияның өз нарығындағы жағдайына және экспортқа шығару көлемі мен географиясына қалай ықпал етеді?
– Өндірушілер арасында басым орынды иеленіп отырғандықтан, біз ішкі нарық үлесінің артуы өнім, сауда және өнімдерді ұсыну салаларындағы белсенді жұмыстың нәтижесі болады деп ойлаймыз. Компанияның 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясына сәйкес, біз Қазақстан нарығының 52% иеленіп, Орталық Азия мемлекеттерінің (Түркіменстаннан басқа) ашық нарықтарында көшбасшы орынға шығуымыз керек. Экспорттық жеткізілімдердің басым бөлігі бүгінде бұрынғы КСРО елдерінің нарықтарының үлесінде. 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Шин-Лайн» өнімі Беларусьте балмұздақ импортының жалпы көлемінде 50 пайыздық үлесті иеленді, біздің өнімімізді Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей, Моңғолия және Қытай тұтынушыларына жақсы таныс. Ал Қырғызстанның балмұздақ нарығындағы біздің компанияның үлесі 50% асады. Жаңа зауыт іске қосылғаннан кейін «Шин-Лайн» брендімен балмұздақ шығаратын компанияның өнімдері барлық аймақтарда артады. Біз Ресей, Беларусь, Кавказға шығаруды арттырып, сондай-ақ Украина нарығына кіруді жоспарлап отырмыз.
– Компанияның неғұрлым ғаламдық перспективадағы стратегиялық жоспарлары қандай: бұрыннан танымалдыққа ие өнім брендтерін нығайтуға бағдарланасыздар ма, не болмаса, инвестицияны өндіріс пен инновацияны дамытуға жұмсайсыз ба?
– Компанияның Даму стратегиясы- біршама құпия құжат болып табылады, дегенмен, бірнеше тармағымен бөлісе аламын. Пандемияға қарамастан, балмұздақ индустриясы өзінің тартымдылығын жоғалтқан жоқ: карантинде отырған адамдар үйде отырып балмұздақ жейтіндердің саны артты. Қаржы институттары бұрынғысынша біздің саладағы кәсіпорындарға кредит беруге дайын, ал біз жаңа өнімдер, жаңа брендтер шығаруға және олармен жаңа аумақтарға кіруге дайынбыз.
Жарияланымға сілтеме: https://www.holodinfo.ru/rubrics/morozhenoe/andrej-shin-morozhenoe-produkt-kotoryj-trebuet-inn/