Мобильное меню
Сәлем, достар!
Мен 1995 жылы балмұздақ шығаратын шағын отбасылық кәсіпорынның іргесін қаладым. Араға 20 жыл уақыт салып, бүгінгі күні біздің компания – Орталық Азияда осы өнімнің ірі дайындаушысы және қазақстандық балмұздақты шетел нарықтарына алғашқы экспорттаушы болып отыр. Нәтижесінде, «Шин-Лайн» өнімдерін тек өз Отанында ғана емес, басқа елдерде де біледі және жақсы көреді.
Осы уақыт ішінде біз даму үшін бар күш-жігерімізді аямадық. Құрылғыларымызды жаңарттық, рецепттерді жетілдірдік, өнімдерімізге тән ең мінсіз, қайталанбайтын, фирмалық дәмге қол жеткіздік. «Шин-Лайн» компаниясының жетістігі мен танымалдығы біздің кәсіпорындар мен зертханаларда жұмыс жасайтын мыңдаған адамдардың еңбегінің жемісі. Бұл компаниямызда өндірісті жаңғырту, сапаны қадағалау, логистикаға жауап беретіндердің қызметкерлердің зор еңбегі.
Сонымен қатар, құрметті сатып алушылар, бұл сіздердің де еңбектеріңіз. Біздерге жаңа дәмдер мен балмұздақ пен басқа тағамдардың жаңа түрлерін іздеуге шабытты сіздер сыйлайсыздар, сіздердің сүйіспеншіліктеріңіз біздің ісіміздің басты қозғаушысы.
Біздің сапаға сенім артып және өнімдерімізді жақсы көретіндеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Достар, біз де сіздерді жақсы көреміз.
Құрметпен және зор алғыспен,»Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті
Андрей Шин