04 Қараша 2024
Алматы облысында 200 орындық заманауи көпбейінді аурухана салу жоспарлануда

Алматы облысында 200 орындық заманауи көпбейінді аурухана салу жоспарлануда

Бұл – Алматы облысының әкімдігі мен Оңтүстік Кореяның «Hyundae Hospital» ауруханасы және «Шин-Лайн» компаниясының бірлескен жобасы.

Бүгін үш тарап арасында жобаны сәтті ілгерілету үшін ынтымақтастықтың негіздерін анықтайтын меморандумға қол қойылды. Ауруханада заманауи медициналық технологияларды енгізу және пациенттерге жоғары деңгейдегі қызмет көрсету жоспарланған.

Біз бұл жоба Алматы облысының денсаулық сақтау саласын дамытуда және халықтың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды қадам болатынына сенімдіміз.