Мобильное меню
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «ҚДСҰО» санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының» тәуелсіз зертханасы «Шин-Лайн» ЖШС өндірген «Карел қаражидек-көкжидек қосылған пломбирі» балмұздағында ішек таяқшасы тобының бактериялары бар-жоғына тексеру жүргізді. Тексеру жүргізген өндіруші тарапынан ережебұзушылықтар анықталған жоқ. Өнім сапасының ықтимал бұзылуы өндірушінің жауапкершілігіне жатпайды.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 27.04 күні Новосібір облысы бойынша Роспотребнадзор басқармасынан Роскачестводан «Карел қаражидек-көкжидек қосылған пломбирі» балмұздағының «Мишка на полюсе» тауар белгісінің техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеуі туралы деректі ақпарат беру туралы мәлімет сұрауына байланысты талап келіп түскен болатын.
Өндіруші қосымша тексеріс үшін арбитраждық үлгілерді тәуелсіз зертханаларға тапсырды:«Бүкілресейлік Сүт өнеркәсібі ҒЗИ» («Молоко» зерттеу зертханасы), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы. Ұсынылған тамақ өнімдерін микробиологиялық зерттеу Хаттамаларына сәйкес ережебұзушылықтар табылған жоқ. Азық-түлік қауіпсіздігінің бұзылуы да табылған жоқ.
Зертханалық зерттеу хаттамасы KZ
Зертханалық зерттеу хаттамасы RU
«Шин-Лайн» компаниясының сарапшылары жазғы кезеңде микробиологияға шағымдардың туындауының ықтимал сценарийі көтерме және бөлшек партияларды тасымалдауға және сату орындарында сақтауға қойылатын талаптарды бұзу болуы мүмкін деп санайды, бұл өз кезегінде МЕМСТ 31457-2012 сақтау және тасымалдау кезінде температуралық режимді сақтау туралы 3.1-тармағын бұзу болып саналады. Яғни, өнімнің өзінде микробиологиялық стандарттарға сәйкессіздіктер анықталған жоқ.
«Шин-Лайн» компаниясы табиғи сапалы өнім шығарып, оны әлемнің 10 еліне экспорттай отырып, өз тұтынушыларына қамқорлықпен қарайды. «Мишка на полюсе» балмұздақ тұтынушылары оның сапасына сенімді бола алады. «Шин-Лайн» қауіпсіз және сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін әлемдік деңгейдегі технологияларды пайдаланатын заманауи өндірістік алаңдарға ие. Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде, сондай-ақ ЕАЭО елдеріне экспорт бойынша көшбасшы орын алатын жауапты балмұздақ өндіруші ретінде біз әріптестеріміз бен тұтынушыларымыздың назарын жазғы маусымда балмұздақты сақтау жөніндегі талаптарға аса назар аударуға шақырамыз.